Қазақтың байырғы өлшемдері
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Қазақ халқының мақал–мәтелдерінде де өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен: «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар».
Ұзындық өлшемдері
Ат шаптырым жер - 2-3 км
Бие сауым жер - 1,5-2 сағат
Ет пісірім жер - 2-3 сағат
Қарға адым жер - 1 метр жер
Қозы көш жер - 6-8км
Құнан,тай шаптырым жер - 4-5 километр
Ақсақал - 70-80нен асқан
Бозбала - 15-18жас
Бозөкпе - 7-10жас
Ересек - 25-30 жас
Жас - 20-25 арасындағы жігіттер мен 15-20 арасындағы қыздар
Жігіт - 15 пен 40арасындағы жастар
Жас буын - 25-35 жас аралығы
Орта буын - 35-50 жас аралығы
Ата буын - 50-70 жас аралығы
Баба буын - 75-85 жас аралығы
2-2,5 сантиметр
Елі – бір саусақтың қалыңдығы, бір еліге тең, екі саусақ – екі елі, үш саусақ – үш елі, төрт саусақ – төрт елі;
Тұтам – жұмыр затты тұтамдап қысып ұстағандағы қалыңдық;
14 – 15 сантиметр
Сынық сүйем – бас бармақтың ұшы мен сұқ саусақты екінші буынынан бүгіп, кергендегі ара қашықтық;
20-21 сантиметр
Сүйем – бас бармақтың ұшы мен сұқ саусақты екінші буынынан бүгіп, кергендегі ара қашықтық;
17-20 сантиметр
Кере қарыс – бас бармақтың ұшы мен кішкене саусақтың ұшын кергендегі ара қашықтық;
19-20 сантиметр
Қарыс сүйем – бас бармақ пен үшінші саусақты кергендегі ара қашықтық;
21-22 сантиметр
Білем – қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық;
Шынтақ – қолдың басы мен қолтықтың аралығы;
Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың аралығы;
Құлаш – әркімнің құлашы өз бойына тен;
Made on
Tilda